Нейрокс в растворе — инструкция по применению

Инструкция по применению нейрокса в растворе, описание действия препарата, показания к применению раствора нейрокса, взаимодействие с другими лекарствами, применение нейрокса (раствор) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Нейрокс
Международное название: Нет
Лекарственная форма:
Раствор для внутривенного и внутримышечного введения 50 мг/мл, 2 мл и 5 мл
Показания к применению:
Атс классификация:
N Средства, действующие на нервную систему
N07 Прочие средства, действующие на нервную систему
N07X Прочие средства, действующие на нервную систему
N07X X Прочие средства, действующие на нервную систему
Фарм. группа:
Препараты для лечения заболеваний нервной системы другие. Препараты для лечения заболеваний нервной системы прочие. Код АТХ N07XX
Условия хранения:
Хранить в сухом защищенном от света месте, при температуре не выше 25 0С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Не использовать по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание: Прозрачная бесцветная или слегка желтоватая жидкость

Состав нейрокса в растворе

Одна ампула содержит
Бір ампуланың ішінде

Активное вещество нейрокса

этилметилгидроксипиридина сукцинат 100 мг, 250 мг
этилметилгидроксипиридин сукцинаты 100 мг, 250 мг

Вспомогательные вещества в нейроксе

натрия дисульфит, вода для инъекций
натрий дисульфиті, инъекцияға арналған су

Показания к применению раствора нейрокса

  • острые нарушения мозгового кровообращения (в составе комплексной терапии)
  • черепно-мозговая травма, последствия черепно-мозговых травм
  • дисциркуляторная энцефалопатия
  • вегетативная (нейроциркуляторная) дистония
  • легкие когнитивные расстройства атеросклеротического генеза
  • тревожные состояния при невротических и неврозоподобных состояниях
  • острый инфаркт миокарда (с первых суток) в составе комплексной терапии
  • первичная открытоугольная глаукома различных стадий, в составе комплексной терапии
  • абстинентный синдром при алкоголизме с преобладанием неврозоподобных и вегетативно-сосудистых расстройств
  • острая интоксикация антипсихотическими лекарственными средствами
  • ми қан айналымының жедел бұзылуында (кешенді ем құрамында)
  • бассүйек-ми жарақатында, бассүйек-ми жарақатының салдарында
  • дисциркуляторлы энцефалопатияда
  • вегетативті (нейроциркуляторлы) дистонияда
  • шығу тегі атеросклероздық болатын жеңіл когнитивті бұзылыстарда
  • невроздық және невроз тәрізді жағдайлардағы үрейлі жай-күйде
  • кешенді ем құрамында жедел миокард инфарктісінде (бірінші тәуліктен бастап)
  • түрлі сатыдағы бастапқы ашық бұрышты глаукомада, кешенді ем құрамында
  • алкоголизмдегі невроз тәрізді және вегетативті-қантамырлық бұзылыстар басым болатын абстинентті синдромда
  • антипсихоздық дәрілік заттармен жедел уыттануда

Противопоказания нейрокса в растворе

  • повышенная индивидуальная чувствительность к препарату или его компонентам
  • острая почечная недостаточность
  • острая печеночная недостаточность
  • беременность и период лактации
  • детский и подростковый возраст до 18 лет
С осторожностью: аллергические заболевания и реакции в анамнезе, в том числе повышенная чувствительность к сульфитам.
  • препаратқа немесе оның компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
  • жедел бүйрек жеткіліксіздігі
  • жедел бауыр жеткіліксіздігі
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге
Сақтықпен: сыртартқысында аллергиялық аурулар мен реакциялар, соның ішінде сульфиттерге жоғары сезімталдық.

Побочные действия раствора нейрокса

  • сухость во рту, металлический привкус во рту, неприятный запах, першение в горле, ощущения «разливающегося тепла» во всем теле, дискомфорт в грудной клетке, ощущение нехватки воздуха (как правило, связаны с чрезмерно высокой скоростью введения и носят кратковременный характер)
  • тошнота, метеоризм
  • сонливость, нарушение засыпания
  • аллергические реакции
  • ауыздың құрғауы, ауыздың темір татуы, жағымсыз иіс, тамақтың жыбырлауы, бүкіл денеде «жайылған жылу» сезімі, кеуде қуысындағы жайсыздық, ауа жетпеу сезімі (әдетте шамадан тыс жоғары жылдамдықпен енгізумен байланысты және қысқа мерзімдік сипатқа ие)
  • жүрек айнуы, метеоризм
  • ұйқышылдық, ұйықтаудың бұзылуы
  • аллергиялық реакциялар

Особые указания к применению

Следует назначать Нейрокс с осторожностью пациентам, имеющим в анамнезе аллергические реакции (анафилактический шок, ангионевротический отек и т. п.). Нейрокс обычно хорошо переносится, побочные реакции редки, носят кратковременный характер и, в большинстве, связаны с чрезмерно высокой скоростью введения.

Особенности влияния препарата на способность управлять автотранспортом и потенциально опасными механизмами
В период лечения необходимо соблюдать осторожность при управлении автотранспортом и занятии другими потенциально опасными видами деятельности, требующими повышенной концентрации внимания и быстроты психомоторных реакций.
Нейроксті сыртартқысында аллергиялық реакциялар (анафилактикалық шок, ангионевроздық ісіну және т.б.) бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек. Нейрокстің көтерімділігі әдетте жақсы, жағымсыз реакциялары сирек, қысқа мерзімдік сипатқа ие және көп жағдайда оны шамадан тыс жоғары жылдамдықпен енгізуге байланысты болады.

Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Емделу кезеңінде автокөлік басқарғанда және жоғары зейін жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.

Дозировка и способ применения

Внутримышечно (в/м) или внутривенно (в/в) (струйно или капельно). При инфузионном способе введения препарат следует разводить в 0,9 % растворе натрия хлорида. Струйно Нейрокс вводят медленно в течение 5-7 мин, капельно – со скоростью 40-60 капель в минуту. Максимальная суточная доза не должна превышать 1200 мг. При острых нарушениях мозгового кровообращения Нейрокс применяют в комплексной терапии в первые 10-14 дней – в/в капельно по 200-500 мг 2-4 раза в сутки, затем – в/м по 200-250 мг 2-3 раза в сутки в течение 2 недель. При черепно-мозговой травме и последствиях черепно-мозговых травм Нейрокс применяют в течение 10-15 дней в/в капельно по 200-500 мг 2-4 раза в сутки. При дисциркуляторной энцефалопатии в фазе декомпенсации Нейрокс следует назначать в/в струйно или капельно в дозе 200-500 мг 1-2 раза в сутки в течение 14 дней. Затем – в/м по 100-250 мг/сут в течение последующих 2 недель.

Для курсовой профилактики дисциркуляторной энцефалопатии Нейрокс вводят в/м в дозе 200-250 мг 2 раза в сутки в течение 10-14 дней. При нейроциркуляторной дистонии, невротических и неврозоподобных состояниях препарат вводят в/м по 50-400 мг в сутки в течение 14 дней. При легких когнитивных нарушениях у больных пожилого возраста и при тревожных расстройствах препарат применяют в/м в дозе 100-300 мг в сутки в течение 14-30 дней.

При остром инфаркте миокарда в составе комплексной терапии Нейрокс вводят в/в или в/м в течение 14 суток, на фоне традиционной терапии инфаркта миокарда (включающей нитраты, бета-адреноблокаторы, ингибиторы ангиотензин-превращающего фермента (АПФ), тромболитики, антикоагулянтные и антиагрегантные препараты, а также симптоматические средства по показаниям). В первые 5 суток Нейрокс вводят внутривенно, в последующие 9 суток препарат может вводиться внутримышечно.

Внутривенное введение препарата производят путем капельной инфузии (медленно) в течение 30-90 минут (в 100-150 мл 0,9 % раствора натрия хлорида или 5 % раствора декстрозы (глюкозы)), при необходимости возможно медленное струйное в/в введение препарата, продолжительностью не менее 5 минут.

Введение препарата (в/в или в/м) осуществляют 3 раза в сутки, через каждые 8 часов. Суточная доза составляет 6-9 мг/кг массы тела, разовая доза – 2-3 мг/кг массы тела. Максимальная суточная доза не должна превышать 800 мг, разовая – 250 мг.

При открытоугольной глаукоме различных стадий в составе комплексной терапии Нейрокс вводят в/м по 100-300 мг/сутки, 1-3 раза в сутки в течение 14 дней. При абстинентном алкогольном синдроме Нейрокс вводят в/м или в/в капельно в дозе 200-500 мг 2-3 раза в сутки в течение 5-7 дней. При острой интоксикации антипсихотическими лекарственными препаратами Нейрокс вводят в/в в дозе 200-500 мг/сут в течение 7-14 дней.
Бұлшықет ішіне (б/і) немесе көктамыр ішіне (к/і) (сорғалатып немесе тамшылатып). Енгізудің инфузиялық тәсілінде препаратты 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылту керек. Нейроксті 5–7 минут бойы баяу сорғалатып енгізеді, тамшылатып енгізу минутына 40–60 тамшы жылдамдықпен жүргізіледі. Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг-дан аспауы тиіс. Ми қан айналымының жедел бұзылуында Нейроксті кешенді емдеуде алғашқы 10-14 күнде – к/і тамшылатып 200-500 мг-дан тәулігіне 2-4 рет, содан соң - б/і 200-250 мг-дан тәулігіне 2-3 рет 2 апта бойы қолданады.

Бассүйек-ми жарақатында және бассүйек-ми жарақаты салдарында
Нейроксті 10-15 күн бойы к/і тамшылатып 200-500 мг-дан тәулігіне 2-4 рет қолданады. Дисциркуляторлы энцефалопатияның декомпенсация сатысында Нейроксті 14 күн бойы тәулігіне 1-2 рет 200-500 мг дозада к/і сорғалатып немесе тамшылатып енгізуге тағайындау керек. Содан кейін –б/і тәулігіне 100-250 мг-дан кейінгі 2 апта бойы. Дисциркуляторлы энцефалопатияның курстық алдын алу үшін Нейроксті б/і 200-250 мг дозада тәулігіне 2 рет 10-14 күн бойы енгізеді. Нейроциркуляторлы дистонияда, невроздық және невроз тәрізді жағдайларда препаратты б/і тәулігіне 50-400 мг-дан 14 күн бойы енгізеді.

Егде жастағы науқастарда жеңіл когнитивтік бұзылуларда және үрей тудыратын бұзылуларда препаратты б/і тәулігіне 100-300 мг дозада 14-30 күн бойы қолданады. Кешенді ем құрамында жедел миокард инфарктінде Нейроксті миокард инфарктісін (нитраттар, бета-адреноблокаторлар, ангиотензин-өзгертетін фермент (АӨФ) тежегіштері, тромболитиктер, антикоагулянтты және антиагрегантты препараттар, сондай-ақ, көрсетілімдері бойынша симптоматикалық дәрілер кіретін) дәстүрлі емдеу аясында 14 тәулік бойы к/і немесе б/і енгізеді. Алғашқы 5 тәулікте Нейроксті көктамыр ішіне енгізеді, кейінгі 9 тәулікте препарат бұлшықет ішіне енгізілуі мүмкін.

Препаратты көктамыр ішіне енгізуді 30-90 минут бойы тамшылату инфузиясы (баяу) арқылы жүзеге асырады (100-150 мл 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісіне немесе 5 % декстроза (глюкоза) ерітіндісіне), қажет болғанда препаратты баяу сорғалатып к/і енгізуге болады, ұзақтығы кемінде 5 минут. Препаратты енгізуді (к/і немесе б/і) тәулігіне 3 рет жүзеге асырады, әр 8 сағат сайын. Тәуліктік доза дене салмағына 6-9 мг/кг құрайды, бір реттік доза дене салмағына – 2-3 мг/кг. Ең жоғары тәуліктік доза 800 мг-ден, бір реттік доза – 250 мг-ден аспауы тиіс.

Түрлі сатыдағы ашық бұрышты глаукомада кешенді ем құрамында Нейроксті б/і тәулігіне 100-300 мг-ден 1-3 рет 14 күн бойы енгізеді. Абстинентті алкогольдік синдромда Нейроксті б/і немесе к/і тамшылатып 200–500 мг дозада тәулігіне 2–3 рет 5–7 күн бойы енгізеді. Антипсихоздық дәрілік препараттармен жедел уыттануда Нейроксті к/і тәулігіне 200-500 мг дозада 7-14 күн бойы енгізеді.

Взаимодействие с лекарствами

Усиливает действие бензодиазепиновых анксиолитиков, противоэпилептических (карбамазепин), антидепрессивных, снотворных, противопаркинсонических (леводопа) лекарственных средств, что позволяет снизить их дозы и уменьшить побочные эффекты. Повышает антиангинальную активность нитропрепаратов. Уменьшает токсические эффекты этанола.
Бензодиазепиндік анксиолитиктердің, эпилепсияға қарсы (карбамазепин), депрессияға қарсы, ұйықтатқыш, паркинсонға қарсы (леводопа) дәрілік заттардың әсерін күшейтеді, бұл олардың дозаларын төмендетуге және жағымсыз әсерлерін азайтуға мүмкіндік береді. Нитропрепараттардың антиангинальді белсенділігін арттырады. Этанолдың уытты әсерлерін азайтады.

Передозировка нейроксом в растворе

Симптомы: нарушения сна (бессонница, в некоторых случаях – сонливость); при внутривенном введении – незначительное и кратковременное (до 1,5-2 ч) повышение артериального давления.

Лечение
: как правило, не требуется – симптомы исчезают самостоятельно в течение суток. В тяжелых случаях при бессоннице – нитразепам 10 мг, оксазепам 10 мг или диазепам 5 мг. При чрезмерном повышении артериального давления – гипотензивные лекарственные средства под контролем артериального давления.
Симптомдары: ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық, кейбір жағдайларда – ұйқышылдық); көктамыр ішіне енгізген кезде – артериялық қысымның елеусіз және қысқа мерзімдік (1,5-2 сағатқа дейін) жоғарылауы.

Емі: әдетте қажет емес – симптомдар тәулік ішінде өздігінен жоғалады. Ауыр жағдайлардағы ұйқысыздық кезінде – 10 мг нитразепам, 10 мг оксазепам немесе 5 мг диазепам. Артериялық қысым шамадан тыс жоғарылаған кезде – артериялық қысымды бақылай отырып, гипотензиялық дәрілік заттар беру.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

При внутримышечном введении препарат определяется в плазме крови на протяжении 4 ч после введения. Время достижения максимальной концентрации при внутримышечном введении – 0,3-0,58 ч. Максимальная концентрация при внутримышечном введении в дозе 400-500 мг – 2,5-4 мкг/мл. Этилметилгидроксипиридина сукцинат быстро переходит из кровеносного русла в органы и ткани и быстро выводится из организма. Время удержания (MRT) препарата в организме при внутримышечном введении – 0,7-1,3 ч. Метаболизируется в печени путем глюкуронирования. Быстро выводится с мочой, в основном, в виде метаболитов (50 % за 12 ч) и в незначительном количестве - в неизмененном виде (0,3 % за 12 ч). Наиболее интенсивно выводится в течение первых 4 ч после приема препарата. Показатели выведения с мочой неизмененного препарата и метаболитов имеют значительную индивидуальную вариабельность.
Бұлшықет ішіне енгізген кезде енгізгеннен кейін препарат 4 сағат ішінде қан плазмасында анықталады. Бұлшықет ішіне енгізген кезде ең жоғары концентрациясына жету уақыты – 0,3-0,58 сағат. Бұлшықет ішіне 400-500 мг дозада енгізген кездегі ең жоғары концентрациясы – 2,5-4 мкг/мл. Этилметилгидроксипиридин сукцинаты қан арнасынан ағзаларға және тіндерге тез өтеді және организмнен тез шығарылады. Бұлшықет ішіне енгізген кезде препараттың іркілу уақыты (MRT) – 0,7-1,3 сағат. Глюкурондалу арқылы бауырда метаболизденеді. Несеппен, негізінен метаболиттер түрінде (12 сағат ішінде 50%) және аздаған мөлшері өзгермеген күйінде (12 сағат ішінде 0,3%) тез шығарылады. Препарат қабылданғаннан кейін алғашқы 4 сағат ішінде өте қарқынды түрде шығарылады. Өзгермеген препараттың және метаболиттерінің несеппен бірге шығарылу көрсеткіштері әр адамда жекелей едәуір құбылып отырады.

Фармакодинамика

Нейрокс является ингибитором свободнорадикальных процессов, мембранопротектором, обладающим антигипоксическим, антистрессовым, ноотропным, противосудорожным и анксиолитическим действием.

Относится к классу 3-оксипиридинов. Механизм действия обусловлен антиоксидантным и мембранопротекторным свойствами. Подавляет перекисное окисление липидов, повышает активность супероксидоксидазы, повышает соотношение липид-белок, улучшает структуру и функцию мембраны клеток.

Модулирует активность мембраносвязанных ферментов, рецепторных комплексов, что способствует их связыванию с лигандами, сохранению структурно-функциональной организации мембран, транспорта нейромедиаторов и улучшению синаптической передачи. Повышает концентрацию в головном мозге дофамина.

Усиливает компенсаторную активацию аэробного гликолиза и снижает степень угнетения окислительных процессов в цикле Кребса в условиях гипоксии с увеличением аденозинтрифосфорной кислоты и креатинфосфата, активирует энергосинтезирующую функцию митохондрий. Повышает резистентность организма к воздействию различных повреждающих факторов при патологических состояниях (шок, гипоксия и ишемия, нарушения мозгового кровообращения, интоксикация этанолом и антипсихотическими лекарственными средствами). Улучшает метаболизм и кровоснабжение головного мозга, микроциркуляцию и реологические свойства крови, уменьшает агрегацию тромбоцитов. Стабилизирует мембраны клеток крови (эритроцитов и тромбоцитов), снижая вероятность развития гемолиза. Обладает гиполипидемическим действием, уменьшает содержание общего холестерина и липопротеинов низкой плотности.

Нейрокс улучшает клиническое течение инфаркта миокарда, уменьшает зону некроза, восстанавливает и/или улучшает электрическую активность и сократимость миокарда, а также увеличивает коронарный кровоток в зоне ишемии, повышает антиангинальную активность нитропрепаратов, уменьшает последствия реперфузионного синдрома при острой коронарной недостаточности за счет нормализации метаболических процессов в ишемизированном миокарде.

Антистрессовое действие проявляется в нормализации постстрессового состояния (страх, тревога, напряжение и беспокойство и пр.), нарушенных процессов обучения и памяти, снижении дистрофических изменений в различных структурах головного мозга, расстройств соматической и вегетативной нервных систем (слабость, потливость, ощущение тревоги, головная боль, тахикардия, нарушение циклов «сон-бодрствование» и пр.).

Нейрокс обладает антитоксическим действием при абстинентном синдроме, устраняет неврологические и нейротоксические проявления острой алкогольной интоксикации, корректирует поведенческие и когнитивные нарушения. Под влиянием Нейрокса усиливается действие транквилизирующих, нейролептических, антидепрессивных, снотворных и противосудорожных средств, что позволяет снизить их дозы и уменьшить побочные эффекты.
Нейрокс бос радикалды үдерістің тежегіші, гипоксияға қарсы, стреске қарсы, ноотроптық, құрысуға қарсы және анксиолитикалық әсері бар мембранопротектор болып табылады. 3-оксипиридиндер класына жатады. Әсер ету механизмі антиоксиданттық және мембранопротекторлық қасиеттері арқылы жүзеге асады.

Липидтердің асқын тотығуын басады, супероксидоксидаза белсенділігін арттырады, липид-ақуыз арақатынасын арттырады, жасуша жарғақшаларының құрылымы мен функциясын жақсартады. Жарғақшамен байланысқан ферменттердің, рецепторлық кешендердің белсенділігін модуляциялайды, бұл олардың лигандтармен байланысуына, жарғақшалардың құрылымдық-функциялық үйлесімін сақтауға, нейромедиаторлардың тасымалдануына және синапстық берілістің жақсаруына мүмкіндік береді. Мида дофаминнің концентрациясын арттырады. Гипоксия жағдайында аэробты гликолиздің компенсаторлы белсенділенуін күшейтеді және Кребс цикліндегі тотығу үдерістерінің басылу дәрежесін төмендетіп, аденозинтрифосфор қышқылын және креатинфосфатты арттырады, митохондрийдің энергияны синтездейтін функциясын белсенді етеді.

Патологиялық жағдайларда әртүрлі зақымдаушы факторлардың (шок, гипоксия және ишемия, ми қан айналымының бұзылуы, этанолмен және антипсихоздық дәрілермен улану) әсеріне организмнің төзімділігін арттырады. Метаболизмді және мидың қанмен жабдықталуын, қанның микроциркуляциясын және реологиялық қасиеттерін жақсартады, тромбоциттердің агрегациясын азайтады. Қан жасушаларының (эритроциттердің және тромбоциттердің) жарғақшаларын тұрақтандырып, гемолиздің дамуын төмендетеді. Гиполипидемиялық әсері бар, жалпы холестериннің және тығыздығы төмен липопротеиндердің мөлшерін азайтады.

Нейрокс миокард инфарктінің клиникалық барысын жақсартады, некроз аймағын азайтады, миокардтың электрлік белсенділігін және жиырылғыштығын қалпына келтіреді және/немесе жақсартады, сондай-ақ ишемия аймағында коронарлы қан ағысын ұлғайтады, нитропрепараттардың антиангинальді белсенділігін арттырады, жедел ағымды коронарлы жеткіліксіздік кезінде ишемияланған миокардта метаболизмдік үдерістердің қалыпқа келуі есебінен реперфузиялық синдром салдарларын азайтады.

Стреске қарсы әсері стрестен кейінгі жағдайлардың (қорқыныш, үрей, ширығу және мазасыздық және т.б.), оқып үйрену және жадының бұзылу үдерістерінің, мидың әртүрлі құрылымдарындағы дистрофиялық өзгерістердің төмендеуінің, соматикалық және вегетативтік жүйке жүйелеріндегі (әлсіздік, тершеңдік, үрейлену сезімі, бас ауыру, тахикардия, «ұйықтау-ояну» циклдерінің бұзылулары және т.б.) бұзылулардың қалыпқа келуімен білінеді.

Нейрокстің абстинентті синдромда уытқа қарсы әсері бар, алкогольден жедел ағымды уыттануда неврологиялық және нейроуытты біліністерді жояды, мінез-құлықтағы және когнитивті бұзылуларды түзетеді. Нейрокстің әсер етуімен транквилизирлеуші, нейролептикалық, антидепрессиялық, ұйықтататын және құрысуға қарсы заттардың әсері күшейеді, бұл олардың дозасын төмендетуді және жағымсыз әсерлерін азайтуға мүмкіндік береді.

Упаковка и форма выпуска

По 2 мл или 5 мл препарата в ампулы коричневого нейтрального стекла тип І с цветным кольцом разлома или с цветной точкой и насечкой. На ампулы дополнительно наносят одно, два или три цветных кольца и/или двухмерный штрих-код, и/или буквенно-цифровую кодировку или без дополнительных цветных колец, двухмерного штрих-кода, буквенно-цифровой кодировки. По 5 ампул в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой или пленки полимерной, или без фольги и пленки. По 1 контурной ячейковой упаковке с ампулами по 5 мл или по 2 контурных ячейковых упаковки с ампулами по 2 мл вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках в пачке из картона.
Сындыратын түсті сақинасы немесе түрлі-түсті нүктесі және кертігі бар, І типті қоңыр бейтарап шыны ампулаларда 2 мл немесе 5 мл препараттан. Ампулаға қосымша бір, екі немесе үш түрлі-түсті сақина және/немесе екі өлшемді штрих-код және/немесе әріп-сандық код жазылады немесе қосымша түрлі-түсті сақинасыз, екі өлшемді штрих-кодсыз, әріп-сандық кодсыз болады. Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан немесе полимер үлбірден жасалған немесе фольгасыз және үлбірсіз пішінді ұяшықты қаптамада 5 ампуладан. 5 мл ампулалары бар 1 пішінді ұяшықты қаптамадан немесе 2 мл ампулалары бар 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.